Текст
Мектебімізде желтоқсанның 25-і күні, 1-9 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектепті әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне барлық ұжым белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді ойындар өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті.