11.09.2026
Мектебімізде білім алушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында бракераж комиссиясының кезекті тексеруі жүргізілді.
Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағамдардың сапасы мен дайындалу технологиясы, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігі, азық-түліктердің жарамдылық мерзімі мен сақтау жағдайлары назарға алынды.
Сонымен қатар дайын тағамдардың сапасы, порция мөлшері, асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы қадағаланды.
✅ Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты құндылығымыз. Мектеп асханасындағы тамақтану сапасын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.