«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызметі

20.11.2025
 
 
Қазақстанда "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызметін негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді. 
Қызметті "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (электрондық немесе қағаз түрінде, таңдау үшін) алуға болады. Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеке өзі жүгіну қажет. 
Қызмет көрсету нәтижесі-негізгі орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру. 
Қызмет көрсету мерзімі — құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні. 
Талап етілетін құжаттардың тізбесі:
құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген кәмелетке толмаған баланың білім алушысының немесе ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына өтініші;
білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) өзгерген және (немесе) білімі туралы құжат бүлінген кезде білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
 
Қызмет құны-Тегін.
Просмотров: 30


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст