10.09.2026
Отбасы – бақыттың бастауы!
Отбасы күніне орай мектебімізде оқушылардың отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметін арттыру және жанұядағы сыйластықты насихаттау мақсатында сынып сағаттары өткізілді. ❤️
Сынып сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік, қамқорлық пен құрмет жайында өз пікірлерін ортаға салды. 👨👩👧👦✨
Отбасы – татулық пен жылулықтың, мейірім мен махаббаттың мекені!