Н. Малгаждарұлы атындағы Қызыл Қазақстан негізгі мектебінде 2017 жылы 22 желтоқсанда 5 сыныпта музыка пәнінен «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты ашық сабақ өтті.
Оқушылар әлемнің қазіргі заманғы қабылдау тұрғысында қазақ дәстүрлік күйді талдау арқылы білім, орындаушылық шеберлігін, тыңдау, жазу және аспаптар арқылы импровизациялай алады.Компютерлік шағын
музыкалық фрагметтер жасау дағдылары қалыптасады, халық күйлерді талдай алады.
Мен өз сабағымда оқушының білім деңгейін жетілдіру мақсатында әр аспаптың жасалу
ерекшелігі, дыбыс бояуының әр түсінігі, шығу тарихы жайлы түсінік беріп отырдым.
Мақсатым–оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, ән айту, лирикалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін арттыру, лирикалық аспаптарды ұлтымыздың мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге
қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақ көрнекілігіне үлестірмелі карточка,диаграммаларды, «жанрды анықта» ойынын, слайдтарды, күйлерді, әндері жазылған үнтаспаларды қолданылды. Оқушылар бәрі белсене қатысып араласып отырды.
Сабақтың типі: аралас сабақ. Әдісі: суретті –түсіндірмелі, сұрақ – жауап. Көрнекілігіне ұрмалы аспаптар,
баян, домбыра,қобыз,тұяқ аспабын пайдаландым. Нотаны әндетіп орындау арқылы «Бесік жыры» әні үйретілді.
Музыка пәнінің мұғалімі Анапин Бекежан Қайрбайұлы.