Ақмола облысы
Сандықтау ауданы
Нұрғабұл Малгаждарұлы атындағы Қызыл Қазақстан негізгі
мектебі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту
мерейтойына орай
«Тәуелсіз қазақ елі» аудандық шығарма байқауына шығарма
Жазған – 9-сынып оқушысы Маканова Сауле
Жетекшісі – Ахметова Г.А., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі
2017-2018 оқу жылы
Тәуелсіз қазақ елі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мол тарихы бар қазына. Қасиетті
де, киелі мекеніміздің кең жазиралы төсінде сан ғасырлық шежіресін жырлайтын
көне тарих баяндалады. Кешегі бабабаларымыз ел тағдырын өз тағдырынан биік
қойған ұлттың тұтастығы мен бүтіндігін сақтаған қазақ батырларының әр белесінде
тарихи тұлғалық жерін қорғау үшін биік белестерге көтеріліп отырған. Қиын-қыстау
сәтте халық тағдырында айрықша орны бар болған батырлардың, қолбасшылардың,
әсіресе соның ішінде көшбасшы Абылай ханның бас қолбасшылары саналған:
Қаракерей, Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлары болған.
Егер олар бір төбе болса, тағы да осылардың үлесінің мүшелері: Қарасай мен
Ағынтай, Өтеген мен Сұраншы, Малайсары мен Райымбек, Есенқұл мен Сыпатай сында
ақсемсер есімдері ерекше құлаққа тағымды ерлік жорықтарының мәні мен маңызы
бірнеше мыңжылдық ішінде ел жадынан бір сәтке де ұмыт болып қалған емес. Осы
батырлардың қазақ елінің тыныштығын, бостандығын, бейбітшілігін сақтау үшін
азаттық күресте жандарын құрбан етіп, ел алдында халықтың батыр да ержүрек
ұлдарыретіндет еске аламыз. Азаттық жолында арпалысып өткен заман, уақыт
кеңістігі арқылы көркем шежіреленеді. Осы бір бабалар аңсап өткен тәуелсіз
руханиқұндылықтарымыздың баға жетпес байлығы да, бейнеленген туындыларо да осы
арнадан еншілес орын тауыпты. Осы арада бұл ертедегі қазақ елінің тыныш
танымдық маңызы зор мұрасының әр алуан көркемдік қырлары халықтың ерте
ғасырдағы байлығы ретінде сақталған. Қазақ елінің шексіз мәнін өз бойына дарыта
алған, туған ұлтын сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың ержүрек ұл-қыздары
мәңгі тірек бола білген.
Сонау бір жоңғар шапқыншылығынан
кейін тағы да соғыс атауы елімізге төнді. Жағымсыз, тіршілікті қан жылатқан
қайғы-қасіретке қаралы қайғы-қасіретке қаралы қайғы болған 1940 жылғы соғыс
болатын. Осыдан 77 жыл бұрын жер бетін аяусыз шырпыған сол бір сұрапыл ұлы Отан
соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген қазақ жеріне деген арманы бес жыл
ішінде тас-талқан болды. Өтйкені сол жылдары жауымызға тойтарыс берген
батырларымыз: Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, М.Ғабдуллин,
М.Шоқай секілді батырларымыздың ерлігі орасан зор. Осы батырлардың арқасында
өмірімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік. Осынау бір аңсаған,
ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар
жемісі – Тәуелсіздік күні болатын. Сөйтіп жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық жылдар
келді. Оған біз шын жүректен «шүкір» дейміз. Ең бастысы жаңа егемен елдік
тәуелсіз ұлт болып, 1991 жылы 16 желтоқсанда бейбітшілікке қол жеткіздік.
Тәуелсіздіктің туын желбіреткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атамызға алғысымыз
ұшан теңіздей шексіз. Осы күнімізді жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылдық. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи
жеріміздің шекарасын халықаралық шарттарға сай бекітіп, «Қазақстан
Республикасы» деген асқақ рухты елдің ұрпағы екенін мойындаттық. Дербес мемлекет болуға бағыт алған егемен
еліміз – Қазақстанды көркейтіп асқақтатуға шаңырағын биіктетіп, абыройын
асырып, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни біз, жұмыла еңбек
етуіміз қажет. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл жиырма алты жыл. Сондықтан
дүниедегі тәуелсіздікті бостандықты, теңдікті аңсамайтын ада да, халық та жоқ.
Біздің егеменді ел тәуелсіздігіміз тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша
ұрпақтардың еңбегі.
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер-мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!-дей
келе, тәуелсіздіктің шуақты күндері әрқашан да бәрінен биік тұрсын!