«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

28.09.2017

Ұстаз - ұлағатты ұғым

Ұстаз...

Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы

тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып,

құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашан

да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын

көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып

жатады. Осыған орай мектебіміздің ардақты 

беделді ардагер ұстаздарымыз туралы сөз қозғағалы  отырмын. 

Зейнет жасына келіп, 2014 жылы орыс тілі мұғалімі Айтина Рысты

Науканқызы, 2015 жылы математика пәнінің мұғалімі Машранова Күлшат Съезбекқызы  және 2016 жылы  бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Айшолпан Масабайқызы

 құрмет 

демалыстарына шықты. Сонымен қатар Бектасова Светлана Науқанқызы,  Қызыл Қазақстан  мектебінің 

түлегі, 28 жыл тарих пәнінен дәріс беріп, ұстаздық  еңбек жолын туған еліне арнады. Светлана

Науқанқызы өз мамандығын жанымен сүйетін, білімді  білікті ұстаз. Алдына  қойған мақсаты анық, өз ісіне

жауапкершілікпен қарайтын тарихшы ұстаз, 

ұлттық  құндылықты жас ұрпаққа

дарытушы. Светлана Науканқызы 28 жыл   ұстаздық

 жолымен  2017 жылы 21 тамызда зейнетке шықты.   Отыз бес-қырық  жыл ұстаздық қызметте жүрген ардагер

ұстаздарымыз  шәкірттеріне   білім нәрін  сеуіп, әрқайсысын  өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып

ұшырды. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу

үшін көп қиындықтардан  өтеді. Қиын дегеніміз

- әр сабағына тиянақты  дайындалып, оқушыларға  білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру,

өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту болып

табылады.  Сонымен қатар зейнеткер  ұстаздарымыз өздерінің тәжірибелі еңбек

жолында  шәкірттерімен  сырласа отырып,  мерекелік шаралар ұйымдастырды, табиғат аясына

саяхатқа шығып,  көңілді кезеңдерін бірге

бөлісті,  бұл бір сәтке өзідерін  бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар болды.

    «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай,  уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай

жұмыс жасаған зейнеткер ұстаздарымыздан   әлі де 

ізбасар жас ұстаздар ақыл-кеңес  алып,  тәжірибелерімен бөлісіп жатады. Ұлы ұстаздар

күні мерекесі қарсаңында ардагер ұстаздарымызға 

шынкөңілден мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға баянды бақыт

тілейміз.   

Н.Малгаждарұлы атындағы

Қызыл Қазақстан негізгі мектебінің 

педагогикалық ұжымы

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст