«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жадынама

16.07.2017

 

 

Нұрғабұл Малгаждарұлы атындағы

Қызыл Қазақстан негізгі мектебі

Кәмелетке толмағандар

арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында  ата –аналарға арналған

ЖАДЫНАМА

111-бап.

Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің 

              

балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi 

              

орындамауы

      1. Ата-аналардың немесе

басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту

жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, - 

      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі

мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған,

кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және

психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен

айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана

әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, - 

      ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

112-бап.

Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне 

             

дейiн жеткiзу

      Ата-аналардың немесе өзге

де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, - 

      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге

дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

    

  112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта 

                

ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру

      1. Кәмелетке

толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден

таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, - 

      ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына -

бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе

коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі

кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік

көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

330-бап.

Ұсақ бұзақылық

      1. Ұсақ бұзақылық, яғни

қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын

жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау,

оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және

қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi

сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, - 

      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi

мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға

алуға әкеп соғады. 

331-бап.

Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық

      Он төрт жастан он алты

жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық

кодексiнiң 257-бабының бiрiншi

бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, - 

      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын

адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл

салуға әкеп соғады. 

 

336-3-бап.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта 

                

ойын-сауық мекемелерінде болуы

      1. Кәмелетке

толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден

таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы, - 

      заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп

соғады. 

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік

жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, - 

      заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің

бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

336-4-бап.

Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке

                

 толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы

      1. Заңды өкiлдерi еріп

жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы

6-ға дейiн болуы -

      заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде

көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған

iс-әрекет -

      заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш

мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Балалардың тәртібін қатаң бақылауды өтінеміз.

Ұялы телефондар, қымбат заттар, әшекей бұйымдар, интернет

байланыстарқылмыс жасаудың салдары болып табылады. (Бұл қылмыстық кодекстің 175 бап,

177 бап, 178 бап, 181 баптары бойынша жауапқа тартылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст