Балалар асыға күткен қызыққа толы жазғы маусым да орталанып қалды. Әр баланың саулығын
нығайтып, өмірге деген көзқарасына оң әсер ететін, қабілетті ерекшеліктерін ұштайтын, белгілі
деңгейде еңбек, өнер, спорт дағдыларына баулыйтын мазмұнды демалысты ұйымдастырудың маңызы зор екені даусыз.
Расында да, лагерь ұйымдастыру оңай нәрсе емес. Алайда қол қусырып отыру да мүмкін емес. Жазғы лагерь
жұмыстары да сан қилы. Іс – шараларды ұйымдастыруына сәйкес І ауысымның, 21-30 маусым аралығында мектепте «Ғажайып әлем» атты лагері өз қызметіне мына
бағыттағы іс- шараларды атқарды:
- Салауатты өмір салтын баулу;
- Эстетикалық тәрбиелеу;
- Азаматтық- патриоттық және ұлттық тәрбиелеу;
- Спрттық шаралар.
«Ғажайып әлем» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары
жасалынды. Лагердің жұмыс уақыты 10:00-ден 13:00-ге дейін. Лагерге 12 оқушы
қатысты. Олар 4-6 сынып оқушылары. Одан кейін бағдарламаның жоспарына қызыққан 1-3 сыныптың оқушылары қатысамыз деген ниет білдірді. Бірінші күні оқушылар
«Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс – шаралар ұйымдастырылып, «Ғажайып әлем» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізілді. Бұл жиында оқушылар лагердің ұранымен танысып, топтын атын құрастыра отырып, би жаттығуларын жасады. Балалар демалысты оқумен ұштастырып, түрлі бағытқа бөлініп,
тынығып, әр салада білімдерін жетілдіріп, қызықты сұрақтарға жауап беріп отырды. Әрине, бұл жақсы жаңалық.
Баланың білімге деген ынта-ықыласын арттырып, болашақта оның білікті маман болып қалыптасуына кең жол ашады. Демек, лагерьдің алатын орны ерекше. Лагерьде кім демалғысы келмейді дейсіз?! Әр буыннан жиналған балалардың көздері мөлдірей, алдан үкілі үміт күткен балдырғандар лагерді базарлы балалық шақ мекеніне
айналдырды. Екінші күні «Шарлар әлемі» атты бағдарлама бойынша оқушылар шарларды үрлей отырып, жаздың шуақты бейнесін келдіріріп жабыстырды. Үшінші күні оқушыларды қабылдағанна кейін, екі топқа бөліп «Шынықсаң шымыр боласын» атты ұранмен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл сайыстарда оқушылар «Лапта», «Істе сыртта» т,с.с ойындардыойнап денлерін шынықтырды. Сонымен қатар «EXPO 2017» көрмесіне арналған
әсем гүлдер гүлшоғын жасапта үлгерді. Әр оқушының таланттары ашылып, бар өнерлерін ортаға салды. Әрбір бала әр салада жұлдыз болуға лайық. Тек оны көре біліп, уақытында дем бергенге не жетсін. Лагерь өмірі сондай көңілді ғой. Дүбірлі шаттық, балалар күлкісінен арылған емес. Төртінші күні «Денсаулық
–зор байлық» атты тақырыпты мақсатқа ала отырып, балалар ауыл жанындағы орманға бет бұрды.
Оқушылар таза ауа жұтып, денсаулыққа пайдалы спорттық ойындар ойнап бойларын
жазды. Сондай-ақ емі бар шөптердің түрлерімен таныса отырып, кеппешөп жасады. Бастарына гүлдерден тоқылған әсем тәжірибе жасауға үйренді. Ең соңында шаршағандарын басу үшін, аналары әзірлеп берген
тәтті де пайдалы тағамдармен күш жинады. Бесінші күні «Бояулар әлемінде»
атты бағдарлама бойынша оқушылар сурет салып, жарысты. Алтыншы күні «Экологиялық
десант» бағдарламасы бойынша мектеп үлескісінде жүрген оқушыларға көмек
көрсетілді. Келесі күні өсімдіктер мен жануарлардың бейнесін ермексаз және тұзды қамырдың көмегімен
жасап, бояды. Иә, қызыққа толы күндер де әне-міне дегенше өте шықты. Демалу бағдарламасы да өз мақсатына
жетті. Ұйымдастырылған бағдарлама барлық оқушылардың көңілінен
шықты. Алдағы жаңа оқу жылына тынығып, демалып, сауығып жаңа күш жігермен оралуларына тілектеспін.
Лагерь жетекшісі -Магзумова Динара Сайранбекқызы