Текст
Нұрғабұл Малгаждарұлы атындағы Қызыл Қазақстан негізгі мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты
мерекелік жиын өтті. 25 мамыр - соңғы қоңырау күні. Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу күні. Сондықтан
да мектеппен қоштасу сәті – адамның өміріндегі ұмытылмас, естен кетпес, ең елеулі күндердің бірі.
Сахна төріне шыққан 9 –сыныптың бітіруші түлектері, ұстаздар мен ата–аналарға арналған тақпақтар мен әндерін айтып алғыстарын білдірді. Сондай –ақ, түлектер өз өнерлерін қоштасу вальсімен мерекені аяқтады.
Көңілдері толқыған жас түлектердің әр қайсысының жанарында - жас, көңілдерінде - қимастық
сезімі білініп-ақ тұрды...