«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сочинение на тему"Атамның әңгімесінен үзінді"

28.04.2017

На тему ВОВ учащийся 5-класса Тулеген Бексултан написал сочинение.

Шығарма: «Атамның  әңгімесінен үзінді»

Менің атам ашаршылық  жылы 1938 жылы

дүниеге келген. Әке, шешесінен екі   жасынан айырылғын. Атасы  Жолаушы 

жұмыстан  келсе,  келінінің 

бауырында  жатқан  немерелерін қолына  алып , келінін оятса тұрмайды дейді. «Сөйтсе,

 анам 

өмірден  озып, қарындасым

екеуміз  кішкентаймыз,  бауырында 

еміп жата беріппіз»,-  дейтін.

Міне,  содан  бастап 

атамыз  ашаршылық  кезеңінде 

немерелерін  аң  аулап , етін азық қылып, терісінен

байпақ  тігіп, ер  жеткізген. Өмірінің  балалық 

кезеңін  қиын  заманда 

өткізген ашашаршылық  пен  сұм соғыс аралығы дейтін. «Соғыс  басталды» деген  сұрапыл оқиғаны естігенде, аулымыздың

үрейленгені әлі есімде дейтін. Ауылдағы ер-азаматтарды соғысқа қатысу қатарына

шақырып, жарамсыз дегендерді қайтарып жіберсе де, Отан қорғауға өз еркімен

аттанған біздің елде де баршалық. «Соғыс жүріп жатыр, кейбіреулеріне хат

келгенде, ел болып барып, хаттарын оқып, аман-есен екен деп қуанып қалатынбыз»,-

дейді. Атам сол кезде 13 жасар «еңбекке жарамды болғасын күні-түні жұмыс істеп,

атама көмектесетінмін.  Аштыққа да,

жалаңаштыққа да, жоқшылыққа да, қиындыққа да шыдадық.  Бір үзім нанды бөліп жейтінбіз. Ашаршылықтың

зардабын ұмытсам да, сұрапыл соғыстың мұңы әлі есімнен кетпейді»,-дейтін. Міне,

осындай атамның  қиын өмір кезеңдерін

ести отырып, қазіргі заманның   тыныштығы

мен бейбітшілігі, бірлігі  мәңгілік

жалғассын деп тілеймін. Мен бақыттымын ,тәуелсіз елімнің ұрпағымын,

болашағымын! 

Жазған – Тулеген Бексұлтан , 5-сынып оқушысы

Просмотров: 546


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст