Ақпараттық технология заманның қолдана білуі біздің міндетіміз. Ғаламтор –
бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір – бірімен
байланыстырады. Сондықтан да біздің мектепте де «Қауіпсіз ғаламтор» акциясы ұйымдастырылды. Осы іс – шараларда
барлық сыныптар сынып сағаттары мен сурет байқауына қатысты. Ғаламтордың
пайдалы және зиянды жақтарын ажырата отырып, «Пайдалы және зиянды ғаламтор»
атты пікірталас 8-9 сынып аралығында
өтті. Оқушылар белсенділік танытып, статистикалық мәліметтерді мысал ретінде
дәлелдеді. 8- сынып оқушылары ғаламтордың пайдалы жақтарымен жүлделі орынға
иеленді. Сонымен қатар әр сыныпта сынып
жетекшілер әр түрлі ғаламторға байланысты видеороликтер көрсетті. Ата- аналармен жүргізілген жұмыстары да өз
пайдасын тапты. Ата – аналардың пікірінше ғаламторға әуестенген адамды
психологтардың көмегімен айықтырып кетуге болады, деп пікірлерімен бөлісті.
\