Текст
Мектеп психологы Анапин Б.К. 2019-2020 оқу жылының қазан айы 5-сынып оқушыларымен оқушылардың орта буынға бейімделуі жайлы біршама жұмыстар жүргізді. Осыған орай 5-сынып оқушыларымен «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау. Міндеттері:1.Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру. 2.Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру. 3.Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.
Тренинг- сабағында «Менің автопортретім» «Мен және біз» «Мен қандай оқушымын ?» «Менің көңіл-күйімнің түсі» тренингтер өткізіліп, филлипс тесті алынды.