«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепті жария талқылау

29.02.2024

 «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есепті жариялау. 

     

  1. Жалпы ережелер

            1)Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекен-жайы  Қызыл-Қазақстан ауылы, Мектеп  көшесі 9.

2)Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ-нің білім беру саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 

 2023 жылы мектептен 2 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0 қызмет;                                                               Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0 қызмет;                                  

Қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 2 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық  мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

         «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

  2. Қызмет алушылармен жұмыс: 

         1) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурсында, мектептер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

         2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

         Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жариялап талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Мектепте құқықтық актілер әзірленбеген.

         3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

          2023 жылы  БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 Тікелей эфир өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары  жүргізіледі.

         3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 5 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 5 Мемлекеттік қызметке қолжетімді.

         2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.

                  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

         2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

         2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.  Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда

         5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігін және көрсетілген қызмет сапасын арттыру туралы.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қанағаттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

Просмотров: 1339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст