«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Қызыл-Қазақстан ауылының Нұрғабыл Малғаждаров атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Нургабулы Малгаждарова села Кызыл-Казахстан отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

02.05.2024

"Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) бекітілген. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық немесе қағаз нысанда жүзеге асырылады.

Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады:

1)қабылдауға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);

2)ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) баланың туу туралы куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

4) 026/у-3 "баланың денсаулық паспорты"есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулық паспорты,

5) баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) психологиялық-медициналық-педагогикалық

кеңес беру (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).

7) фтизиатр-дәрігердің қорытындысы;
8) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар.

Портал арқылы жүгінген кезде:

1)мектепке дейінгі ұйымға қабылдануға жолдама (берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жарамды);

2) "баланың денсаулық паспорты" 026/у-3 есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта көзделген нысан бойынша баланың денсаулық паспорты (электрондық көшірмесі);

3) баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама (электрондық көшірме);

4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін) (сканерленген көшірмесі, бар болса).

5) фтизиатр дәрігердің жолдамасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-анасының бірі немесе баланың заңды өкілі арасында жасалған шарт негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар:

көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті берушінің "Жеке кабинеті", (анықтамалық қызметтері), сондай-ақ (Бірыңғай байланыс орталығы) "1414", 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат .

 

Просмотров: 5642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст