Бастауыш сынып апталығының жоспары бойынша 2018 жылы ақпанның 21 жұлдызында 3-сыныпта дүниетану пәнінен «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың «топырақ» жайлы
алған білімдерін пысықтай отыра, жаңа сабақ «өсімдіктердің алуан түрлерімен» таныстыру, пайдалы кеңес алу болатын. Сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, өткен сабақтан алған білімдерін ортаға салды. Тапырақтың құрамын, түрін,құнарлылығын естеріне түсіріп, пысықтап өтті. Жаңа сабақты оқулықтан өздігінен оқып, слайдтың көмегімен талдау жасай отыра меңгерілді. Пайдалы кеңес: жасыл түс адамның көңіл күйін көтеріп,шаршаудан сақтайтынын, ойын жинақтап, сабырмен жұмыс істеуіне көмектесетінін білді. Шырша ағашының ұзақ өмір сүретінін, қылқан жапырақтылар қатарына жататынын білді. Оқушылар «4», «5» деген бағаны қоржындарына сала кетті.